Бақылау Кеңесі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Бақылау Кеңесі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті  Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым Министрлігінің бастамасын еліміздің  жетекші жоғары оқу орындарының ұжымдық басқарудың жаңа нысандарын енгізу бойынша сәтті жүзеге асыруда. 

2014жылдың 18 тамызынан №353    Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрі  міндетін атқарушының бұйрығы бойынша   құрамы  бекітілген және 2014жылдың 3 қазанында университеттің Бақылау Кеңесінің бірінші мәжілісінде өткізілді.

Бұл Кеңестің құрылуы  алқалы университетті басқарудағы  жаңа кезеңін ашты.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі отандық жоғары оқу орындарындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыруға және кадрларды дайындауда маңызды мәселелерді шешу үшін жалпы қоғамның қатысуын қамтамасыз етуді іске асырылуда.

ОҚМУ Бақылау Кеңесінің құрамына атақты саясаткерлер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жергілікті атқарушы органдары және бизнес-ортаның қоғам қайраткерлерінің өкілдері кіреді.

Кеңес мүшелерінің көпшілігі біздің университетіміздің бітіруші түлектері  болып табылады.

Бақылау Кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, академик Бишимбаев Валихан Козыкеевич, Кеңес төрағасының орынбасары  ОҚМУ ректоры Мырхалыков Жумахан Ушкемпирович тағайындалды.

Бақылау Кеңесінің өкілеттілігі университеттің стратегиялық дамуы мәселелері, білім сапасын жоғарлату, барлық мүдделі тараптармен қарым-қатынас үйлестіруді   қамтамассыз ету болып саналады.